үй Әлем жаңалықтары Кипр Қазақстанмен екіжақты қатынастарды нығайтуға мүдделі

Кипр Қазақстанмен екіжақты қатынастарды нығайтуға мүдделі

13
0

404 rob

Кипр Қазақстанмен екіжақты қатынастарды нығайтуға мүдделі

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипрдің жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz

Кездесу барысында дипломаттар екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын оң бағалап, Қазақстан мен Кипр арасындағы 2023 жылға арналған ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Бұған қоса, СІМ-аралық консультациялар мен бизнес-форум ұйымдастыру, жаңа шарттар мен келісімдерге қол қою, сондай-ақ екі ел арасында тікелей рейстер ашу жөнінде пікір алмасты.

Кипр Қазақстанмен екіжақты қатынастарды нығайтуға мүдделі

С. Бұршақов Кипр Сыртқы істер министрін Қазақстанның парламенттік жүйесі және 2023 жылғы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты өткізіліп жатқан сайлауалды науқаны туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

К. Комбос Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерге оң баға бере отырып, екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінің өзектілігін атады және өзара белсенді іс-қимылға дайындығын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Кипр бастамаларын ілгерілетуге уағдаласты.

Кипр Қазақстанның негізгі инвесторлардың қатарына жатады. 2005-2022 жылдар аралығында Кипрден Қазақстан экономикасына құйылған инвестициялар көлемі 3 млрд АҚШ долл. құрады (соның ішінде 2020 ж. — 445 млн, 2021 ж. — 440 млн). Соңғы екі жылда елдеріміз арасындағы тауар айналымы шамамен 200 млн АҚШ долларға жетті.

Источник: dknews.kz