үй Әлем жаңалықтары Кишинёв қаласында Қасым хан туралы қазақстандық тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

Кишинёв қаласында Қасым хан туралы қазақстандық тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

38
0

2398

Кишинёв қаласында Қасым хан туралы қазақстандық тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

Фотосурет: Gov

Молдовада «Ұлы Дала таңы» көркем фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Молдовадағы Елшілігі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы даланың таңы» атты тарихи драмасының көрсетілімін Молдованың аудиториясы үшін ұйымдастырды. Аталған іс-шара Қазақстанның Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын тойлау аясында өткізілді.

Кишинёв қаласында Қасым хан туралы қазақстандық тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

Фильм Ел тәуелсіздігін сыртқы қауіптен қорғауды қамтамасыз еткен Қасым хан тұсындағы мемлекеттің нығаюы мен өркендеу кезеңін бейнелейді.

Кишинёв қаласында Қасым хан туралы қазақстандық тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков және фильмнің бас актері Берік Айтжанов құттықтау сөз сөйледі.

Кишинёв қаласында Қасым хан туралы қазақстандық тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

А.Айдарбеков өз сөзінде іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Молдова арасындағы мәдени дипломатияны нығайту, өзара түсіністікті дамыту, Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілету екенін атап өтті.

Фильмнің бас актёрі Б. Айтжанов Молдова көрермендеріне бұл туындыны ұсыну мүмкіндігі үшін Елшілікке және қонақтарға ризашылығын білдіріп, Кишиневтегі премьераға қатысуға өте қуанышты екенін атап өтті. Сонымен қатар, молдовалық аудиторияның Ұлы дала тарихына қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты.

Кишинёв қаласында Қасым хан туралы қазақстандық тарихи фильмнің тұсаукесері өтті

Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, дипломатиялық корпус өкілдерінің, мәдени ұйымдардың, Молдова кинематографиясы саласының және қазақстандық диаспораның қатысуы қамтамасыз етілді.

Қонақтар шағын қабылдауға қатысып, фильмді тамашалаудан оң әсер алғандарын атап өтті.

CIM Мәдениет Қазақстан және Молдова Кинематография Халықаралық ынтымақтастық

Источник: dknews.kz