154 Awrora
Фотосурет: Gov
Қазақстан ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 219-шы сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақ делегациясы ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 219-шы сессиясының жұмысына белсенді қатысты.
Сессия аясында Ұйымға мүше елдердің ұлттық комиссияларының отырысы өтті, оған ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстанның Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Жанар Шайменова қатысты. Отырыста ЮНЕСКО-ның 2026–2029 жылдарға арналған бағдарламасы мен бюджеті, Ұлттық комиссиялардың өңіраралық кездесулеріне дайындық, ресурстарды жұмылдыру стратегиясы, сондай-ақ мүше елдермен бірлескен ЮНЕСКО стипендиялық бағдарламалары талқыланды.
Атқарушы кеңесте ЮНЕСКО қамқорлығымен 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының мандатын ұзарту мәселесі қарастырылды. Бас хатшы өз сөзінде аталған Орталық Ұйым жүйесінде мұздықтарды зерттеу жөніндегі жалғыз ғылыми институт болып табылатынын, оның өзектілігі жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты күрт өскенін атап өтті және ЮНЕСКО Хатшылығы мен Атқарушы кеңесіне оның қызметі бойынша Келісімнің қолданысын ұзарту жөніндегі шешімді қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Сапар барысында ЮНЕСКО Хатшылығында бірнеше жұмыс кездесулері өтті, олардың шеңберінде Ж. Шайменова ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігімен бірлесіп, Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының дүниежүзілік федерациясына төрағалық ету, Қазақстан өкілдерінің халықаралық стипендиялық бағдарламаларға қатысуы, сондай-ақ гляциологиялық орталық бойынша келісімді ұзарту жөніндегі егжей-тегжейлер мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Ж. Шайменова Қазақстанның үйлестіруімен көктем мерекесін атап өтетін елдермен – Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия Түрікменстан және Үндістанмен бірлесіп ұйымдастырған ЮНЕСКО-да өткен Наурыз мейрамының салтанатты мерекесіне қатысты.
Қазақстан Атқарушы кеңестегі жұмыс шеңберінде ЮНЕСКО мұрағаттарын ортақ мұрамыз ретінде сақтау, Халықаралық ана тілі күнінің 50-жылдығын атап өту, ЮНЕСКО-ның ғылыми зерттеулер еркіндігін қолдау және ғалымдардың қауіпсіздігін нығайту және тиісті іс-әрекет бойынша үндеу, гендерлік теңдікті қолдау үшін ерлер менталитетін трансформациялау, ЮНЕСКО-да Халықаралық Весак күнің мерекелеу және т. б. мәселелеріне арналған бірқатар қарарлардың тең авторы болды.
Источник: dknews.kz