үй Әлем жаңалықтары Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

13
0

348 Арман

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

Қазақстан Елшісі Болат Сүгірбаев «Export-Import Bank Malaysia» (EXIM Bank) және Малайзияның Оңтүстік-Оңтүстік қауымдастығы (MASSA) ұйымдастырған бизнес-брифингке қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

Іс-шараға Орталық Азия елдерінің елшілері, «EXIM Bank» және «MASSA» басшылары, Малайзияның инвестицияларды дамыту агенттігі (MIDA), екінші деңгейлі банктер, сондай-ақ малайзиялық инвесторлар мен іскер топтар қатысты.

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

«EXIM Bank» басшысы Аршад Исмаил Малайзия мен бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азия өңірі үшін Орталық Азияның стратегиялық рөлін атап өтті.

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

«Біз Орталық Азия елдерінің елшілерін сіздің қарқынды дамып келе жатқан өңіріңіздің экономикалық мүмкіндіктерімен танысу үшін шақырдық» Аршад Исмаил

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

«MASSA» өкілі Мерлин Касимир қауымдастықтың қызметі туралы айтып, Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықта экономикалық, сауда және гуманитарлық салалардағы үлкен әлеуетті атап өтті.

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

Б. Сүгірбаев Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен инвесторларды қолдау шаралары, елде жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ ҚР мен Малайзия арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы айтып берді. Елші екіжақты форматтан бөлек, екі өңірдің 700 млн адамға жуық нарығы бар «Орталық Азия–АСЕАН» диалогтық платформасын құру арқылы өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуді ұсынды. Қазақстандық дипломат АСЕАН елдері арасында Қазақстан мен Орталық Азияның танымалдылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ малайзиялық компанияларды инвестициялау, бірлескен жобалар құру, сауда мен логистиканы жолға қою үшін Қазақстан нарығын зерделеуге шақырды.

Куала-Лумпурда «Малайзия – Орталық Азия» форматында сауда және инвестиция мәселелері талқыланды

Малайзияның іскер топтарының өкілдері Орталық Азия елдерінде бизнесті ашу және жүргізу, Малайзиямен шарттық-құқықтық базаның болуы және АСЕАН үлгісі бойынша Орталық Азия мемлекеттері арасында еркін нарық жағдайларының болуы мәселелеріне аса қызығушылық танытты.

Источник: dknews.kz