үй Әлем жаңалықтары Әлем Чемпионатында алтынға ие болды

Әлем Чемпионатында алтынға ие болды

6
0

173 Awrora

Әлем Чемпионатында алтынға ие болды

Фотосурет: Gov

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Эдуард Ким 2024 жылғы 2-18 ақпан аралығында Катар – Доха астанасында халықаралық жүзу федерациясының қолдауымен өтіп жатқан су спорт түрлерінен 21-ші әлем чемпионатында Наргиз Болатовамен жұптасып, әртістік (синхронды) жүзуден алтын алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Біздің ұлттық құраманың жоғарыда аталған жұбы финалда 228 ұпай жинады. Төрешілер бағдарламаның күрделілігі бойынша өз өнерлерін жоғары бағалады, олар «техникалық микс-дуэт» бағдарламасында үздік атанды.

Айта кетейік, Қазақстанның су спортынан алғашқы алтыны. Күміс медаль Қытай Халық Республикасының құрамасынан Чен Вэнтао мен Ши Хаоюйге, қола медаль Мексикадан Миранда Хименес пен Диего Карриллоға бұйырды.

Эдуард пен Наргиза алдағы күндері елдің қоржынын тағы бір медальмен толықтыру мүмкіндігіне ие.

Қазір Қазақстан жалпы есепте алтынмен бесінші орынға көтерілді және жалпы командалық есепте көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Эдуард Ким 2023 жылы жапон Фукуокасында өткен Әем чемпионатында техникалық бағдарламада бірінші медальды жеңіп алды.

Әлем Чемпионатында алтынға ие болды

Источник: dknews.kz