үй Әлем жаңалықтары Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

30
0

1105 Арман

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби ғылыми кітапханасында философия ғылымының докторы, профессор, фарабитанушы ғалым Жақыпбек Алтаевтың 75 жасқа толуына орай, «Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Конференция әлемдік философия мен ғылымдағы әл-Фараби мұрасы, әл-Фараби және түркі халықтарының философиясы мен заманауи Қазақстан философиясының негізгі бағыттарын қамтыды.

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне арнаған құттықтау хаты оқылды.

«Сіз қазіргі қазақ философиясының негізін қалау жолында тыңнан түрен салдыңыз. Шығыс ойшылдары мен ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиді бүгінгі заманмен байланыстыра отырып, терең зерттеуге сүбелі үлес қостыңыз» Делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Сонымен қатар мерейтой иесіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, шетелдердегі Ұлттық ғылым академияларының төрағалары, ЖОО ректорлары, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекеме басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен көрнекті ғалымдар құттықтау хаттарын жолдады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев құттықтау хатында:

«Сіз еліміздегі философия ғылымын жаңа бағытта зерттеп, түркі әлеміне ортақ ғылыми еңбектер жаздыңыз. Сіз қазақ фәлсафа тарихын әлемдік философиямен ұштастырып, ұлттық ойлауды зерттеудің теориялық-әдіснамалық үлгісін қалыптастырдыңыз» Жансейіт Түймебаев

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Конференция аясында «Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым» тақырыбында Жақыпбек Алтайұлының ғылыми еңбектерінің көрмесі мен фотокөрме ұйымдастырылып, деректі фильм көрсетілді.

Сонымен қатар профессор Ж.Алтаевтың библиографиялық жинағы мен «Ортағасыр классикалық философиясы», «Әл-Фараби философиясы», «Ислам әлемі ойшылдары» кітаптарының тұсауы кесілді.

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Әлем мәдениетіндегі әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

Шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасы, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Әл-Фараби орталығы, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты мен Қазақстандық философиялық конгресс бірлесіп ұйымдастырды.

Источник: dknews.kz