үй Әлем жаңалықтары Литва Сеймінің вице-спикері: «Сайлау жүйесінің кейбір нормалары бойынша Қазақстан бізді басып озды»

Литва Сеймінің вице-спикері: «Сайлау жүйесінің кейбір нормалары бойынша Қазақстан бізді басып озды»

14
0

941 Awrora

Литва Сеймінің вице-спикері: «Сайлау жүйесінің кейбір нормалары бойынша Қазақстан бізді басып озды»

Литва Сеймінде вице-спикерлер Юлиус Сабатаускас пен Йонас Ярутистің, Литва парламентінің түрлі фракциялары мен комитеттерінің өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы алдағы парламенттік сайлауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев конституциялық реформаны іс жүзінде жүзеге асыру, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын еркін және ашық сайлауды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ю. Сабатаускас сайлау жүйесінде енгізілген жаңалықтарды да, мемлекет пен қоғамның демократиялық әлеуетін неғұрлым толық ашуға мүмкіндік беретін жалпы конституциялық өзгерістерді де жоғары бағалады. Бұл саяси бәсекелестікті күшейтуге және шешім қабылдау процесінде диалогтың институционалдық тетіктерін құруға мүмкіндік береді. Ол қазақстандық сайлаушылардың «бәріне қарсы» дауыс беру құқығын қайта жандандыруына ерекше назар аударды.

Литва Сеймінің вице-спикері: «Сайлау жүйесінің кейбір нормалары бойынша Қазақстан бізді басып озды»

Іс-шараға қатысушылардың қызу пікірталастарына партиялық тізімдер бойынша мандаттарды бөлудің жаңа нормасы, оның ішінде әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға белгіленген 30 пайыздық квотаны талқылау себеп болды.

«Қазақстан-Литва» парламентаралық достық тобының төрағасы Эдмундас Пупинис сайлаудан кейін жаңа шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп жұмыс істеуге және тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді. Қазақстан мен Литваның парламентшілердің екіжақты форматта да, халықаралық платформаларда да өзара қолдау көрсетуі екі ел халықтарының жақындасуына септігін тигізеді.

Іс-шара барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, бірінші кезекте – Литваның Шығыс пен Батыс арасындағы сауда қатынастарындағы транзиттік әлеуетімен байланысты көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар өзара туристік ағынды арттыру, Қазақстан азаматтары үшін Литва мен Шенген келісімі елдеріне визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелеріне бөлек тоқталды.

Литва Сеймінің вице-спикері: «Сайлау жүйесінің кейбір нормалары бойынша Қазақстан бізді басып озды»

Сейм депутаттары Қазақстан халқына тарихи жадыны сақтағаны және Қарағандыдағы Спасск мемориалдық кешенінде литвалық саяси тұтқындарға ескерткіш ашқаны үшін алғыс білдірді. Қазақстандық елші өз тарапынан литвалық әріптестеріне соғыс жылдарында осы елдің аумағында қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың әскери жерленуіне ұқыпты қарағаны үшін алғысын білдірді.

Источник: dknews.kz