үй Әлем жаңалықтары Ливияда су тасқыны салдарынан 800 мың адам жапа шекті

Ливияда су тасқыны салдарынан 800 мың адам жапа шекті

14
0


                Ливияда су тасқыны салдарынан 800 мың адам жапа шекті

Фото: 24.kz

Ливияда су тасқыны салдарынан 800 мың адам жапа шекті, деп хабарлайды «Хабар24».

Бұл жергілікті халықтың шамамен 11 проценті. Солтүстік Африкадағы елде өткен аптада, Даниэль дауылы ойран салып, соңы тасқынға ұласқан еді. Опат болғандардың саны 11 мыңға дейін жетуі мүмкін. Десе де дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірге 4 мың адамның қазасын растады. Қалған марқұмдардың кімдер екенін анықтау мүмкін болмай тұр. Табиғат апатынан елдің оңтүстік өңірлері жапа шеккен. Мұнда, бір жылға, төтенше жағдай жарияланды. Өйткені инфекциялық аурулардың өршу қаупі басым. Сондықтан аймақта вакцинация басталды. Мыңдаған тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оған шетелдік мамандар да тартылған. Халықаралық қауымдастық гуманитарлық көмек жөнелтуге кірісті. Кеше ғана мұнда 29 тонна жүк жеткізілді.

Мұхаммад Шениша, волонтер:

— Волонтерлер үш топқа бөлінген. Біріншісі Қызыл крест өкілдерімен бірге іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысады. Екінші топ тұрғындарға мәйіттерді жерлеуге көмектесіп жатыр. Енді қалғандары сырттан келген гуманитарлық көмекті қабылдап, оны таратумен айналысуда.

Источник: nege.kz