үй Әлем жаңалықтары Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16.75% деңгейінде сақтады

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16.75% деңгейінде сақтады

10
0

1196 Арман

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16.75% деңгейінде сақтады

ҚРҰБ өзінің бұл шешімін инфляцияның тұрақты және орнықты түрде төмендеп жатқандығына күмән келтіретіндігімен және инфляцияның әлі де өсу қаупі бар екендігімен түсіндірді. Инфляцияның төмендеу үрдісі тұрақты емес екені расталды: наурыздың қорытындысы бойынша ол тағы да өсе бастады (16.5%, бұған дейін -14.2%).

Рас, инфляцияның базалық көрсеткіші бәсеңдеді, бірақ әлі де жоғары. Яғни ол ағымдағы инфляциялық ортаның жай-күйін көрсетеді.

Сонымен Ұлттық Банк 2023 жылдың алғашқы жартысында базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейін қолдайтындығынды туралы бұған дейін мәлім еткен форвард-гайденсін растады, сондай-ақ алдағы мамыр айында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжамдарын жариялауға уәде етті.

Онда әсіресе тәуекелдер теңгерімінің нашарлау жағына қарай ойысқаны ескерілген еді. Сонымен қатар тұрғын үй коммуналдық қызметі мен жанар-жағар май нарығында жиналып қалған үйлесімсіздіктердің себебінен инфляция бойынша болжамдардың болашақта нашарлау қаупі бар. Бұл шарттарды қосымша қатаңдатуға итермелемесе де, экономикалық белсенділіктің нашарлау нышаны байқалмаған шақта базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейінде қалдыруға мүмкіндік береді.

Айжан Әлібекова, Аға талдаушы

Источник: dknews.kz