үй Әлем жаңалықтары Ұлттық Банкі: 24-31 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Ұлттық Банкі: 24-31 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

16
0

710 Арман

Ұлттық Банкі: 24-31 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Фотосурет: CP

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 31 наурызда теңгенің нарықтағы бағамы бір аптада 1,2%-ға (457,29 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 451,71 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды DKNews.kz.

2023 жылғы 24-31 наурыз аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Әлемнің қаржы нарықтарында банк дағдарысына қатысты қауіптің сейілуінен туындаған тәуекелге инвесторлардың қызығушылығы қалыпқа келе бастағаны байқалады. АҚШ-тың базалық инфляциясы (Core PCE Price Index) ақпанда 4,6%-ға өсіп, талдаушылардың болжамынан төмен болды. Сонымен қатар, АҚШ-та жеке шығыстардың өсімі бәсеңдегені байқалады (ақпанда 0,2%). Бұл өз кезегінде ФРЖ-ға монетарлық саясатқа қатысты тәсілін жеңілдетуге түрткі бола алады. ҚХР-дың өндірістік емес (наурызда 58,2-ге дейін) және қызмет көрсету секторындағы (наурызда 56,9-ға дейін) іскерлік белсенділік индексінің өсуі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстар мен инфрақұрылымға салынатын мемлекеттік инвестициялар Қытай экономикасын қалпына келтіруді ынталандыратынын көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген факторлар көп жағдайда дамушы нарықтарда валюталардың оң динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • бразилия реалы кірістердің өсуіне негізделген жаңа салық-бюджет саясатының жариялануы аясында 3,6%-ға (5,25-тен 5,06-ға дейін) нығайды. Bank of America талдаушылары Бразилия реалы мен жаңа фискалдық жоспарға қатысты оптимистік ұстаным туралы мәлімдеді;
  • мексика песосы жаһандық тәуекел-сентиментінің нығаюы аясында 2,1%-ға (18,44-тен 18,05-ке дейін) бекіді. Орталық банк негізгі мөлшерлемені 11,25-ке дейін 25 базистік тармаққа көтерді;
  • оңтүстік Африка ранды Орталық банктің базалық мөлшерлемені 7,75%-ға дейін 50 базистік тармаққа көтеруі аясында 2%-ға (18,16-дан 17,8-ге дейін) нығайды;
  • индонезия рупиясы инвесторлардың тәуекелге қатысты қызығушылығы жақсарып, шетелдік капитал әкеліне бастаған тұста 1%-ға (15153-тен 14996-ға дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы 82,48-ден 82,18-ге дейін біршама нығайды;
  • түрік лирасы ағымдағы операциялар шоты өсіп келе жатқан тапшылық аясында 0,6%-ға (19,07-ден 19,18-ге дейін) әлсіреді. Bank of America талдаушылары мамырдағы президент сайлауында кімнің жеңіске жеткеніне қарамастан, түрік лирасының әлсірей беретінін мәлімдеді;
  • ресей рублі импорттаушылардың шетел валютасына сұранысы азайып, экспорттаушылар шетел валютасын аз сатқандықтан 0,7%-ға (77,08-ден 77,6-ға дейін) әлсіреді.

Ұлттық Банкі: 24-31 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Ұлттық Банкі: 24-31 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Ұлттық Банкі: 24-31 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Ұлттық Банкі: 24-31 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу

Источник: dknews.kz