Фото: ғаламтордан
Қырғызстанда мұғалім мектептердің бірінің ауласында асылып өлді. Бұл ақпаратты Бішкектегі Октябрь ауданының ішкі істер басқармасы өкілдері растады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматы, NEGE. 5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан хореография пәнінің мұғалімі болған ер адам өлі табылды.
ІІБ өкілдерінің айтуынша, ер адам мектептің подъезінде өз-өзіне қол жұмсаған.
– 37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады. Бұл дерек Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының ақпараттық реестріне тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, — делінген хабарламада.
Источник: nege.kz