үй Әлем жаңалықтары Мәдениет және спорт министрі Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Мәдениет және спорт министрі Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

8
0

631 Awrora

Мәдениет және спорт министрі Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәдениет және спорт министрі Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Күн тәртібінде қос мемлекет арасында мәдениет және спорт салаларындағы өзара ынтымақтастық тақырыбы болды.

Мәдениет және спорт министрі Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

«Әзірбайжанда қазақ мәдениетінің күндерін өткізуді талқыладық. Биыл 25-28 сәуір аралығында Бакуде бірқатар іс-шараны, соның ішінде қазақстандық көрнекті орындаушылардың гала-концертін, Құрманғазы атындағы академиялық Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің концертін, біздің сәндік-қолданбалы өнеріміздің көрмесін және қазақстандық кино күндерін ұйымдастырғымыз келеді. Мемлекет басшысы Әзірбайжанмен мәдени байланыстарды нығайтуды тапсырды, сондықтан мұндай акциялар болашақта тұрақты болуы тиіс.

Әзірбайжан жұртшылығының қазақ өнеріне деген қызығушылығы өте жоғары. Атамогланов мырза Бакуде «Тұран» этно-ансамблі мен «Қазына» ұлттық би ансамблінің концерттерін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, бірлескен кинематографиялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқыладық. Өткен жылы Бакуде бірнеше фильмнің көрсетілімі өтті, енді бірлескен фильмдерді түсіру және киноиндустрия саласындағы ынтымақтастықтың басқа да мүмкіндіктерін пысықтағымыз келеді.

Спорт саласы бойынша да сөйлестік. Мысалы, бірлескен жарыстар өткізу және Әзірбайжан спортшыларының қазақстандық турнирлерге қатысуы және біздің спортшылардың Әзірбайжанда өтетін жарыстарға баруын талқыладық.

Екі елді ортақ тарих байланыстырады. Біз берік қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтатын боламыз. Бұл жұмыстар мәдениет күндерін өткізумен шектелмейді. Мысалы, биыл біз ТҮРКСОЙДЫҢ қамқорлығымен бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз», — деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.

Источник: dknews.kz