үй Әлем жаңалықтары Мұхит түбіндегі Титаникті көруге сүңгіген миллиардерлер жоғалып кетті

Мұхит түбіндегі Титаникті көруге сүңгіген миллиардерлер жоғалып кетті

31
0


                Мұхит түбіндегі Титаникті көруге сүңгіген миллиардерлер жоғалып кетті

Фото: ғаламтордан

Атлант мұхитында «Титаник» кемесінің батқан жеріне туристерді апаратын сүңгуір қайық жоғалып кетті. Қазір құтқару операциясы жүріп жатыр.

Алматы, NEGE. Бостондағы (АҚШ) жағалау күзеті Би-би-сиге құтқарушылардың сүңгуір қайықты табуға тырысып жатқанын растады. Бортта бес адам болған: пилот, үш турист және гид.

Олардың аты-жөні хабарланған жоқ. Алайда журналистер суға батқан «Титаниктің» қирандыларын тамашалауға кеткен туристердің бірі 59 жастағы британдық миллиардер әрі зерттеуші Хамиш Хардинг екенін анықтаған. Біріншіден, мұны оның отбасы растаса, екіншіден, Хамиш Хардингтің өзі әлеуметтік желілерде алдағы күндері 1912 жылы «Титаник» суға батқан Атлант мұхитының түбіне сүңгуді жоспарлап отырғанын жазған.

Жоғалған сүңгуір қайыққа иелік еткен OceanGate Expeditions мәлімдемесінде: «Біздің барлық назарымыз экипаж мүшелері мен олардың отбасыларында», — делінген.

Қазір Атлант мұхитында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. АҚШ жағалау күзетінің солтүстік-шығыс әкімшілігі АҚШ пен Канаданың батискафты іздеуге екі ұшақ жіберген.

Фирма іздеу операциясына бірнеше мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың тартылғанын хабарлады.

«Біз экипаж мүшелерінің оралуын қамтамасыз етуге тырысамыз», — дейді OceanGate Expeditions.

Источник: nege.kz