үй Әлем жаңалықтары Мадагаскар астанасында стадиондағы ығы-жығы адам бірін-бірі таптап, 12 адам қаза тапты

Мадагаскар астанасында стадиондағы ығы-жығы адам бірін-бірі таптап, 12 адам қаза тапты

17
0


                Мадагаскар астанасында стадиондағы ығы-жығы адам бірін-бірі таптап, 12 адам қаза тапты

Фото: zakon.kz

Үнді мұхиты аралдарының 11-ші ойындары Мадагаскардың астанасы Антананаривуда өтіп жатыр. «Бареа» стадионының кіре берісіндегі ығы-жығы адам бір-бірін итере бастаған. Ақыры бір-бірін таптағандар стадионға лап қойған. Салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Orange Actu Madagascar порталының ақпаратына сәйкес, кем дегенде 80 адам зардап шекті.

Көп адам ауруханаға жеткізілген, тіпті кейбірі отаны қажет ететіні де нақтыланады.  

Полиция тым көп адамның жиналғанын бірден ескертіп, көптеген көрерменге үйде болуды сұраған. Алайда, олар нұсқаулықты орындамай, есесіне полиция үлкен тобырға ие бола алмай қалған. 

Кейінірек Мадагаскар билігі оқиға кезінде зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілетінін, олардың емделу шығындарын өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Источник: nege.kz