үй Әлем жаңалықтары Мамлюк мемлекеті: Сұлтан Бейбарыс және оның уақыты Алматыда өткен конференцияда

Мамлюк мемлекеті: Сұлтан Бейбарыс және оның уақыты Алматыда өткен конференцияда

16
0

109 Арман

Мамлюк мемлекеті: Сұлтан Бейбарыс және оның уақыты Алматыда өткен конференцияда

Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы «Мысыр билеушісі: қыпшақ текті Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұлтан Әз-Захир Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара Қазақ ұлттық университетінде өткен ғылым апталығы аясында өтті.

Мамлюк мемлекеті: Сұлтан Бейбарыс және оның уақыты Алматыда өткен конференцияда

Форумның басты мақсаты – Сұлтан Бейбарыс туралы соңғы мәліметтерді зерттеп, оның мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Мамлюк мемлекеті: Сұлтан Бейбарыс және оның уақыты Алматыда өткен конференцияда

Конференцияға мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан және шет елдердің тарихшылары, профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.

Мамлюк мемлекеті: Сұлтан Бейбарыс және оның уақыты Алматыда өткен конференцияда

Бейбарыс сұлтан және Мәмлүк мемлекетінің Түркі және Мұсылман әлеміндегі рөлі, дүниежүзілік тарихқа ықпалы туралы баяндамалар тыңдалды. Расул Жұмалы өз сөзінде Ливан мысалында мәмлүктердің бай мұрасы, осы елдің Бейрут, Триполи, Сайда сияқты қалаларында сақталған көрнекті сәулет ескерткіштері, сондай-ақ ұлы бабалардың істерін зерделеу және насихаттау мақсатында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Источник: dknews.kz