үй Әлем жаңалықтары Мароккода жер сілкінісінен 300-ге жуық адам қаза тапты

Мароккода жер сілкінісінен 300-ге жуық адам қаза тапты

11
0


                Мароккода жер сілкінісінен 300-ге жуық адам қаза тапты

Фото: ғаламтордан

Мароккода 6.9 балдық жер сілкінісі болды.

Алматы, NEGE. Соның салдарынан 296 адам қаза тапты деген дерек шықты. Әлеуметтік желіде жер сілкінісінен қираған ғимараттардың видеолары жарияланды.

Көптеген ғимарат қирандыға айналды. Елдің кейбір өңірлерінде жарық өшіп, сумен жабдықтау желісі де істен шыққан деген де мәлімет берілді.

Жер асты дүмпулері Рабат қаласынан бастап елдің оңтүстігіндегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.

Al-Arabiya басылымының хабарлауынша, 296 адам қаза тапты. 30-дан астам ғимарат қираған. Ауруханалар адамдарға толып кеткен. 

Жер сілкінісінің ошағы  Марракеш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырымда орналасқан. Қала тұрғындары зілзала тағы қайталанады деп қауіптенеді. Сол себептен үйлерін тастап кетті, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен құрбандардың нақты саны әлі белгісіз.

Источник: nege.kz