үй Әлем жаңалықтары ҚМГ басшылығы KPI қызметіндегі мәселелерге қатысты кеңес өткізді

ҚМГ басшылығы KPI қызметіндегі мәселелерге қатысты кеңес өткізді

8
0

714 Арман

ҚМГ басшылығы KPI қызметіндегі мәселелерге қатысты кеңес өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев іске қосу мен жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, сондай-ақ ҚМГ-нің еншілес кәсіпорны «KPI Inc.» ЖШС (KPI) полипропилен өндіретін газ-химия кешенінің қызметіндегі мәселелерге қатысты кеңес өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға ҚМГ мен KPI басшылығынан бөлек «СИБУР» топ-менеджерлері және қытайлық мердігер China National Chemical Enginnering Co (CNCEC) компаниясының өкілдері қатысты. Кездесуде кәсіпорынның қазіргі қызметі, кепілді сынақтардан өткізуге дайындық мәселесі, сондай-ақ KPI зауытының жобалық қуатын жылына 500 мың тонна полипропиленге жеткізу бойынша міндеттерді іске асыру барысы талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша М.Мырзағалиев кепілді сынақтарды өткізгенге дейін анықталған ескертулерді елеп, жоюды тапсырды. Технологиялық процесті жүргізген кезде қауіпсіздікті үздіксіз сақтауға ерекше назар аударылды.

«Бүгінгі күні зауыт – Қазақстан мұнай-газ химиясы өнеркәсібінің көшбасшысы. Кәсіпорынның толық жобалық қуатына шығуы ішкі нарықты полипропиленмен толығымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ ауқымды өнім көлемін шетелге экспорттауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде өнімді ҚХР-ға, ЕО елдеріне, Ресейге тікелей жеткізу мәселесі жолға қойылған, жақын арада түрік нарығына шығу жоспарда. Сондықтан зауыттың технологиялық жабдықталуымен қатар, маркетинг бойынша сапалы стратегиясын ойластыру қажет» Мағзұм Мырзағалиев

Жиынға қатысушылар Полиэтилен жобасы бойынша ынтымақтастықты да талқылады.

2022 жылы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «СИБУР Холдинг» ЖАҚ пен полипропилен және полиэтилен мұнай-газ химия жобаларының оператор компанияларының қатысушылары «KPI Inc.» ЖШС және «Силлено» ЖШС (Полиэтилен жобасы) базасында бірлескен кәсіпорындар құру туралы негізгі құжаттарға қол қойғанын еске сала кетейік.

Полиэтилен жобасын іске асыру әлемде үлкен сұранысқа ие, тығыздығы жоғары премиум полиэтиленді қоса алғанда, көп ассортиментті өнім өндіруге мүмкіндік береді. Жалпы қуаты 1 млн 250 мың тонна болатын бірыңғай кешенге біріктірілетін екі технологиялық қондырғы салу көзделіп отыр.

Источник: dknews.kz