1650
Фотосурет: Gov
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Минскіде болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Беларусь Республикасы Қарулы күштері Орталық офицерлер үйінде Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволары өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрінің Қарулы күштердегі идеологиялық жұмыс жөніндегі көмекшісі – Беларусь Қорғаныс министрлігі идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы генерал-майор Леонид Касинскиймен келіссөздер жүргізді.
Тараптар ақпараттық және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Шайх-Хасан Жазықбаев пен Леонид Касинский екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға өзара қызығушылық білдіре отырып, жетекшілік ететін салада тәжірибе алмасуға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды белгіледі.
ҚР ҚМ Қазақстан және Беларусь әскери-патриоттық тәрбие Халықаралық ынтымақтастық әскери ынтымақтастық
Источник: dknews.kz