үй Әлем жаңалықтары Молдова Парламенті Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды қолдайды

Молдова Парламенті Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды қолдайды

17
0

836 rob

Молдова Парламенті Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды қолдайды

Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Молдова Парламенті Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды қолдайды

Кездесу барысында қазақстандық дипломат 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау туралы Спикерді хабардар етті. Сондай-ақ А. Айдарбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша конституциялық, саяси және экономикалық реформалар шеңберінде ҚР сайлау заңнамасының жаңалықтарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде, И. Гросу Қазақстандағы демократиялық қайта құруларға қолдауын білдіріп, парламентаралық және үкіметаралық өзара іс-қимыл бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге әзір екенін айтты.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударды.

Сұхбат соңында тараптар тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Источник: dknews.kz