үй Әлем жаңалықтары Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

15
0

1047 rob

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Аджария Автономиялық Республикасының астанасында Грузияда тұратын қазақстандықтарды ғана емес, сонымен қатар Аджарияның көпұлтты халқын біріктірген көктем мерекесі Наурыз атап өтілді. Сонымен қатар, қазақ мәдениеті осы күндері Батумиде жүрген түрлі елдердің туристеріне паш етілде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың бейбітшілік пен мейірімділікті бейнелейтінін, қуаныш пен сүйіспеншілікке толы, терең философиялық мәні мен жалпыәлемдік мәдени маңызы бар, бірлік пен келісім мерекесі, сондай-ақ достық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін шын мәнінде жалпыхалықтық мейрам екенін атап өтті. 

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Аджария Жоғарғы кеңесінің Вице-спикері Тите Арошидзе де құттықтау сөз сөйлеп, халықтарымыз арасында тығыз достық қарым-қатынас орнатуда халықаралық Наурыз мерекесінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Аджария астанасында Наурыз мерекесін өткізгені үшін Қазақстан Елшілігіне алғысын білдіріп, аталған іс-шара Қазақстан мен Грузия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа тағы бір жаңа үлес болатынына сенім білдірді. 

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Іс-шара аясында қазақ мәдени мұрасының әсемдігі мен байлығын көрсететін бата беру мен шашу қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді. Қонақтар асық ату, арқан тарту және басқа да ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысты. 

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Мәдени бағдарлама барысында Маңғыстау облысынан арнайы келген «Ақ Шағыл» этно-фольклорлық тобы мен «Жорға» би ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Қазақ шығармаларының көне ұлттық музыкалық аспаптарда виртуоздық орындалуы және дәстүрлерімізді көрсететін халық билері көрермендердің қошеметіне бөленді. 

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Мереке қонақтары, Батуми тұрғындары мен туристері арнайы тігілген қазақ киіз үйінде орналасқан А. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының зергерлік бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен қуана танысты.

Наурыз Грузияның Батуми қаласында тойланды

Дәстүрлі қазақ тағамдарының бай мәзірі және көктемнің басты тағамы – Наурыз көжемен мерекелік дастархан жайылды. Наурызды мерекелеудің шарықтау шегі тұсаукесер дәстүрлі рәсімін өткізу болды. 

Источник: dknews.kz