үй Әлем жаңалықтары Наурыз мейрамы Амманда атап өтілді

Наурыз мейрамы Амманда атап өтілді

11
0

1104 rob

Наурыз мейрамы Амманда атап өтілді

Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі Наурыз мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Амман қаласының маңындағы әсем ұлттық саябақта өткен көктем мерекесін тойлауға Иорданияда уақытша және тұрақты тұратын қазақстандықтар, студенттер, сондай-ақ елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері белсенді қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Наурыз мейрамы Амманда атап өтілді

Наурыз мейрамы Амманда атап өтілді

Іс-шараны Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов ашып, отандастарды көктем мерекесімен құттықтады және айдың басынан бері өткізіліп келе жатқан «Наурыз нұры» атты балалар суреті байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты түрде марапаттады.

Наурыз мейрамы Амманда атап өтілді

Наурыз мейрамы Амманда атап өтілді

Іс-шара қонақтары үшін мерекелік концерт ұйымдастырылып, оның барысында қазақтың дәстүрлі әндері мен билері орындалды. Мереке қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары – Наурыз көже, мерекелік палау және ұлттық кондитерлік өнімдерінің дәмін татуға мүмкіндік берілді. Мереке соңында қол күрес пен арқан тарту сайыстары өтті.

Источник: dknews.kz