үй Әлем жаңалықтары Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

18
0

1099 rob

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің бастамасымен Бангкок қаласындағы БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) штаб-пәтерінде Наурыз халықаралық күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Үндістан, Иран, Қазақстан мен Өзбекстан елшіліктері бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға БҰҰ АТМЭӘК Хатшылығының әрі басқа да халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және АТМЭӘК-қа мүше елдердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК Атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алисджабана мерекелік іс-шараға қатысып, Наурыз халықаралық күнін мерекелеудің мәдени әртүрлілікті сақтау мен бүкіл әлем халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін маңыздылығын атап өтті. 

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

Іс-шараның мәдени бағдарламасы аясында өнерпаздар ұжымдары көрермендер назарына Үндістан, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының фольклорлық және заманауи билерін ұсынды. Мереке қонақтарына Наурыз мекересіне орай әзірленетін ұлттық тағамдар ұсынылды. 

Наурыз мейрамы БҰҰ АТМЭӘК штаб-пәтерінде атап өтілді

ЮНЕСКО Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген Наурыз халықаралық күні көптеген халықтардың мәдени дәстүрі ретінде көктемнің алғашқы күні мен табиғаттың жаңаруын білдіреді. Бұл мереке ұрпақтар арасындағы, сондай-ақ отбасы ішіндегі бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтарын ілгерілетуге, сондай-ақ татуласу мен тату көршілікке, мәдени әртүрлілікті сақтауға және халықтар мен түрлі қауымдастықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді. 

Источник: dknews.kz