үй Әлем жаңалықтары Норвегияда Скандинавияның Шығыспен ежелгі байланыстарына арналған семинарлар сериясы басталды

Норвегияда Скандинавияның Шығыспен ежелгі байланыстарына арналған семинарлар сериясы басталды

10
0

310 rob

Норвегияда Скандинавияның Шығыспен ежелгі байланыстарына арналған семинарлар сериясы басталды

Норвегиялық Борре қаласында саяхатшы және зерттеуші Тор Хейердалдың еңбектеріне арналған «О́дин. Шекарасыз» (“Odin. No Boundaries”) атты академиялық семинарлар сериясы басталды. Шараны Тор Хейердал мұражайы, Мидгард Викинг орталығы және Вестфольд мұражайы ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Норвегияда Скандинавияның Шығыспен ежелгі байланыстарына арналған семинарлар сериясы басталды

Норвегияда Скандинавияның Шығыспен ежелгі байланыстарына арналған семинарлар сериясы басталды

Семинардың ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Қазақстанның тарихы мен қазіргі заманғы дамуы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары, алдағы парламенттік сайлаудың маңызы, сондай-ақ Қазақстан-Норвегия қатынастарының келешегі туралы айтты.

Қазақстан халықаралық академиялық байланыстарды, оның ішінде тарих ғылымы саласындағы алмасуларды ынталандыруды көздейді. Осы тұрғыда Елші Орталық Азияны, атап айтқанда көне түркі жазбаларын, петроглифтерін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу Скандинавия тарихының кейбір мәселелеріне жарық түсіре алатынын баса айтты.

Семинарда бірқатар ғалымдар сөз сөйледі, солардың ішінде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Сарыарқа археологиялық институтынан қазақстандық археолог Эмма Усманова. Ол қола дәуіріндегі еуропалық және еуразиялық дала мәдениеттерінің өзара байланысы, Еуразиядағы ежелгі адамның геномы саласындағы зерттеулері, сондай-ақ ежелгі даланың материалдық мәдениеті туралы ақпарат берді. Сондай-ақ Э.Усманова 2018-2022 жылдары Қазақстанның Қостанай облысында өткен Тор Хейердал атындағы «Дешт-Тор» халықаралық көне технологиялар мен мәдени коммуникациялар фестивалі туралы айтты.

Источник: dknews.kz