үй Әлем жаңалықтары Оңтүстік Африкада қар жауды

Оңтүстік Африкада қар жауды

10
0


                Оңтүстік Африкада қар жауды

Фото: ғаламтордан

Оңтүстік Африканың ең үлкен қаласына соңғы 10 жылда алғаш рет қар жауды. 

Алматы, NEGE. Оңтүстік Африканың бірқатар провинцияларында, соның ішінде Шығыс Кейпте, Мпумалангада және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағында қар жауды. 

Шілде — Оңтүстік жарты шарда қыс айы болып есептеледі, бірақ мұнда 10 жылдан бері қар жаумаған. Жергілікті билік оңтүстік африкалықтарға жылы киінуге кеңес берді. Өйткені қар еріп кетсе де бір апта күн салқын болуы мүмкін. 

Йоханнесбург пен Преторияда температура нөлден төмен түсіп кеткен.

«Әзірге жауған қар үлкен қиындықтар туғызған жоқ», — деді Оңтүстік Африканың ауа райы қызметінің (Saws) өкілі BBC-ге.

Источник: nege.kz