үй Әлем жаңалықтары Оңтүстік Кореяда адам жасын есептеудің жаңа жүйесі енгізілді

Оңтүстік Кореяда адам жасын есептеудің жаңа жүйесі енгізілді

7
0


                Оңтүстік Кореяда адам жасын есептеудің жаңа жүйесі енгізілді

Фото: ғаламтордан

Оңтүстік Кореяда 28 маусымнан бастап адамның жасы халықаралық стандарттар бойынша белгіленеді, деп хабарлады Хабар-24. 

Алматы, NEGE. Бұған дейін елде адам дүниеге келгенде автоматты түрде бір жасқа толатын еді, ал келесі жылдың 1 қаңтарында тағы бір жыл қосылатын.

Кореяда жас айырмашылығына байланысты дау-дамай болды. Коронавирусқа қарсы вакциналау кезінде жергілікті дәрігерлер 30 жасқа дейінгі адамдарға Astrazenekа препаратын қолдануды шектеді, бірақ жасты қандай жүйемен анықтайтынын көрсетпеді. 2004 жылы да сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ арасында келіспеушілік болған. Ұжымдық шартта 56 жастан асқан қызметкерлердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік беретін тармақ болды. Ал былтыр Жоғарғы сот адам жасын есептеуде халықаралық жүйеге сүйену керек деп шешті.

Источник: nege.kz