үй Әлем жаңалықтары Орталық Азия мен Ресейдің ынтымақтастығы: негізгі бағыттар

Орталық Азия мен Ресейдің ынтымақтастығы: негізгі бағыттар

0

409 Арман

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Ресей» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің алтыншы отырысына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары алты жақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.

Отырыс барысында делегация басшылары күш-жігерді көпжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды бағыттарына шоғырландыруға, экономикалық және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді. Негізгі назар өңірдегі сауданы дамыту, тауар айналымының құрылымын жақсарту және оның номенклатурасын кеңейту, өнеркәсіпте, көлік-логистика саласында, ауыл шаруашылығында бірлескен жобаларды іске қосу қажеттілігіне аударылды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version