Фото: uz.sputniknews.ru
Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев 87,05% дауыс жинап, кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлады ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаев.
Алматы, NEGE. «Сайлаушылардың жалпы санының 87,05 пайызы Өзбекстанның Либералдық-демократиялық партиясының кандидаты Шавкат Мирзиеевке дауыс берді», — деді Низамходжаев баспасөз мәслихатында.
Екінші орында 4,43% дауыспен «Адолат» социал-демократиялық партиясының («Әділет») кандидаты, Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Робахон Махмудова, үшінші орында 4,02% дауыспен Өзбекстан халықтық демократиялық партиясының (ХДП) төрағасы Улугбек Иноятов, төртінші болып 3,74% дауыспен Экологиялық партияның жетекшісі Абдушүкүр Хамзаев тұр.
ОСК мәліметінше, сайлауға азаматтардың 79,8% немесе 15,6 миллион сайлаушы қатысты.
Источник: nege.kz