үй Әлем жаңалықтары Пан Ги Мун Қазақстанға ерекше жылы көзқарас білдірді

Пан Ги Мун Қазақстанға ерекше жылы көзқарас білдірді

16
0

1027 Арман

Пан Ги Мун Қазақстанға ерекше жылы көзқарас білдірді

Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсу институты Ассамблеясының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Пан Ги Мун Қазақстанға ерекше жылы көзқарас білдірді

Пан Ги Мун Қазақстанға ерекше жылы көзқарас білдірді

Пан Ги Мун Жаһандық жасыл өсу институтын белсенді қолдағаны үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдіріп, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге үміт білдірді. Елші Пан Ги Мунды саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі жетістіктерімен таныстырды. Атап айтқанда, Пан Ги Мунға Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша рекордтық көрсеткіштер атап өтілді. Сондай-ақ, Пан Ги Мун Қазақстанға деген ерекше жылы көзқарасын атап өтіп, елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Источник: dknews.kz