үй Әлем жаңалықтары Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

10
0

238 Арман

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова БҰҰ-ның Париждегі университетаралық комитетімен (CINUP) бірлесіп ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстан: демократиялық сайлаудан кейінгі сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбына француз сарапшыларының қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Іс-шара жергілікті сарапшылар мен саясаттанушылардың қызығушылығын тудырды. Конференцияны аша отырып, Г. Арыстанқұлова аудиторияны еліміздегі жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік қайта құрулардың барысы туралы, сондай-ақ Мәжіліс сайлауының қорытындылары туралы хабардар етіп, Қазақстан барлық салаларда терең және ауқымды реформаларды жүзеге асырып жатқан өңірдегі жалғыз мемлекет екенін атап өтті. Сондай-ақ, қатысушылар жаңадан сайланған Мәжілістің бірінші сессиясының ашылу салтанатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырылды.

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Спикерлер ретінде Шығыс тілдері және өркениеттер ұлттық институтының (INALCO) профессоры Катрин Пужоль, сондай-ақ Еуропадағы болжамдау және қауіпсіздік институтының (IPSE) жетекшісі Эммануэль Дюпюи сөз сөйледі. Француз сарапшылары өз сөздерінде Қазақстан басшылығының демократиялық институттарды жан-жақты нығайту, азаматтық қоғамды дамыту және жаңа саяси мәдениетті енгізу бойынша қабылдап жатқан шараларына қолдау білдірді. Сондай-ақ, олар Францияның сенімді және стратегиялық серіктесі болып табылатын елді одан әрі үдемелі жаңғырту қажеттілігіне баса назар аудара отырып, әлеуметтік-экономикалық қайта құру деңгейін оң бағалады.

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Париждегі дөңгелек үстел: Франция Қазақстандағы өзгерістерді бағалайды

Іс-шара соңында Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

Источник: dknews.kz