үй Әлем жаңалықтары Париждегі Олимпиада қалашығы: қазақстандық спортшыларды не күтіп тұр

Париждегі Олимпиада қалашығы: қазақстандық спортшыларды не күтіп тұр

0

520 Арман

Париж қаласына сапары аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық көрмесін ұйымдастыру мәселесін талқылау үшін Лувр Музейінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сонымен қатар, Министр А. Оралов Францияның Спорт және Олимпиада және Паралимпиада ойындарының министрі Амели Удеа-Кастермен келіссөздер жүргізді.

Тараптар Олимпиада ойындарына дайындық шеңберінде спорт саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ отандық мамандардың біліктілігін арттыру саласында тәжірибе алмасу мен бірлескен жұмысты талқылады. Француз министрі біздің спортшыларды даярлаудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдем көрсететініне сендірді. А. Удеа-Кастера қазақстандық дзюдошылар мен каратэшілерді даярлау үшін француз жаттықтырушыларының қатысуын құптады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер екі ведомство арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Сонымен қатар, Министр 2024 жылдың жазында XXXIII Олимпиада және XVII Паралимпиада ойындарына қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 20 000-нан астам спортшыны қабылдайтын болашақ олимпиадалық ауылдың құрылыс алаңына барды. А. Оралов Олимпиадалық ауылдың тілектер қабырғасында қазақстандық спортшылар үшін естелік жазба қалдырды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version