үй Әлем жаңалықтары Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

20
0

232 Awrora

Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапары барысында «Pfizer» компаниясымен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропа, Азия және Африка бойынша өңірлік директоры Озгур Язиюрт бастаған «Pfizer» делегациясымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және «СК-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ренат Есқалиев қатысты.

Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

Келіссөздер барысында Қазақстанда американдық компанияның болуын кеңейтудің өзекті мәселелері, оның ішінде «Prevenar-13» пневмококкты вакцинаның келісімшарттық өндірісін оқшаулау талқыланды. Американдық тарап қазақстандық нарыққа биофармацевтикалық трансұлттық компанияларды тарту үшін жергілікті заңнаманы жетілдіру жөніндегі күш-жігер туралы хабардар етілді. Өз кезегінде «Pfizer» басшылығы фармацевтикалық қызметті реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістерді оң бағалады.

Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан «Pfizer» американдық трансұлттық компаниясы – биофармацевтикалық нарықтың әлемдік көшбасшыларының бірі. Компанияның негізгі зерттеу орталығы Коннектикут штатындағы Гротон қаласында орналасқан.

Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

Бүгінде компания жүрек-қантамыр жүйесі, тірек-қимыл аппараты ауруларына қарсы дәрі-дәрмектерді жасаумен айналысады, антибиотиктер, виагра, иммунодепрессанттар және т.б. шығарады. 2020 жылы «BioNTech», «Pfizer» мен «Fosun Pharma» компаниялары коронавирусқа қарсы вакцина әзірледі.

Pfizer компаниясымен ынтымақтастық дамуда

Источник: dknews.kz