Фото: ғаламтордан
Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жолдады. Ол Пригожиннің әрекетін «авантюра, бүлік және арқадан пышақ ұру» деп баға берді.
Алматы, NEGE. Путиннің сөзіне қарағанда, бүлік шығарғандар Ресейді сатып кеткен.
«Дондағы Ростовтағы ахуалды тұрақтандыру үшін батыл қадам жасалады. Қазір жағдай күрделі», – деді Ресей президенті.
Оның пікірінше, бұл әрекет елдің бірлігін шайқатып отыр.
«Бұл – халқынан, майданда соғысып жатқан жауынгер жолдастарынан бас тарту. Еліміз бен халқымыздың жон арқасына пышақ ұру. Амбицияның ұшқарылығы сатқындыққа әкелді», — деді Путин.
Источник: nege.kz