үй Әлем жаңалықтары ҚР Бас консулы Гонконг қаласы полициясының жұмысымен танысты

ҚР Бас консулы Гонконг қаласы полициясының жұмысымен танысты

0

202 Арман

6 сәуірде ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы Алмас Сейтақынов Гонконг қаласында Туенмун ауданының «MTR» көлік компаниясының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл компания 1972 жылы құрылған және трамвай, автобус көліктерінің жұмысын үйлестіріп, жолаушыларды тасымалдаумен айналысады. Қалалық көлікпен күніне 500 мыңнан астам тұрғындар пайдаланады.

«MTR» компаниясы көлік пен жолаушылар ағынының жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін озық технологияларды қолданады.

Сондай-ақ, 6 сәуірдің екінші жартысында А.Сейтақынов аудандық Бас полиция учаскесінің және терроризмге қарсы бөлімшенің жұмысымен танысты. Полиция қызметкерлері қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен және шетелдік азаматтардың Гонконгта болу тәртіптерінің негізгі ережелерімен таныстырды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version