үй Әлем жаңалықтары ҚР ҰЭМ мен ЭЫДҰ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР ҰЭМ мен ЭЫДҰ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

21
0

199 Awrora

ҚР ҰЭМ мен ЭЫДҰ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров ЭЫДҰ корпоративтік басқару және корпоративтік қаржы департаменті басшысының орынбасары және аға экономисі Ханс Кристиансенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар ҚР Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы Келісімнің іске асырылу барысын, оның ішінде техникалық және талдамалық қолдауды талқылады. Мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалардың корпоративтік басқаруына Шолу жүргізу жоспарларын қарастырды.

Сонымен қатар, қатысушылар алдағы іс-шаралар мен Қазақстанның ЭЫДҰ-ның корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына қосылуы жөніндегі жұмыс жоспарларын талқылады. 2022 жылдан бастап ЭЫДҰ сарапшыларымен бірлесіп, осы бағытта бірқатар семинарлар өткізілді.

Источник: dknews.kz