үй Әлем жаңалықтары ҚР РФ Елшілігіне қазақтың көрнекті мемлекет қайраткерінің марапаттары табысталды

ҚР РФ Елшілігіне қазақтың көрнекті мемлекет қайраткерінің марапаттары табысталды

13
0

1135 Awrora

ҚР РФ Елшілігіне қазақтың көрнекті мемлекет қайраткерінің марапаттары табысталды

Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Өтешқали Атамбаевтың (1910-1994) марапаттары табыс етілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Олардың қатарында Ленин, Октябрь Революциясы, екі Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендері және т.б. бар.

ҚР РФ Елшілігіне қазақтың көрнекті мемлекет қайраткерінің марапаттары табысталды

Марапаттар Елшілікке Атамбаевтың жесірі Зура Ғұбайдуллинқызының өсиетіне сәйкес табыс етілді. Ол күйеуі зейнетке шыққаннан кейін бірге тұрған Мәскеу қаласында 2021 жылы қайтыс болды.

ҚР РФ Елшілігіне қазақтың көрнекті мемлекет қайраткерінің марапаттары табысталды

Өтешқали Атамбаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Сыртқы істер министрі (1961-1963), Қазақ КСР Қаржы министрі (1955-1961) қызметтерін атқарды. 1945-1955 және 1966-1973 жылдары КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілі болып жұмыс істеді. Бұл қызметте ол еліміздің дамуы үшін көп жұмыс жасап, оның мүдделерін Мәскеуде Одақ деңгейінде қорғады.

Атамбаевтың туған жері Атырау облысында көше, облыс орталығындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп, сондай-ақ Махамбет ауданындағы ауыл оның есімімен аталады.

Источник: dknews.kz