үй Әлем жаңалықтары ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Румыния парламентарийлерінің делегациясы қабылданды

ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Румыния парламентарийлерінің делегациясы қабылданды

11
0

666 rob

ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Румыния парламентарийлерінің делегациясы қабылданды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының байқау миссиясының құрамымен бірге келген Румыния Парламентінің депутаттары Илие Дан Барна, Костел Некулай Дунава мен Флорин-Александру Алексемен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында байқаушылар 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі ағымдағы электоралдық науқанының негізгі кезеңдері туралы хабардар етілді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Румыния парламентарийлерінің делегациясы қабылданды

Тараптар саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін де қарастырды. Қазақстан-Румыния қатынастарының дәйекті және үдемелі дамуы атап өтілді, сондай-ақ елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың серпінін арттыруға мүдделілік расталды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Румыния парламентарийлерінің делегациясы қабылданды

Румыния депутаттары өз кезегінде еліміздің саяси, экономикалық және демократиялық жетістіктерін жоғары бағалады, сондай-ақ Бухаресттің екіжақты өзара іс-қимылдың барлық ауқымы бойынша елімізбен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға зор қызығушылығын құптады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Румыния парламентарийлерінің делегациясы қабылданды

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық-румын қарым-қатынастарының екіжақты өзара ықпалдастығы бойынша тұрақты және дәйекті даму динамикасы бар екенін атап өтті және өзара мүдделілік тудыратын барлық мәселелер бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Румыния парламентарийлерінің делегациясы қабылданды

ЕҚЫҰ ПА миссиясы 17 наурыздан бастап ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын ресми түрде байқауға кірісті.

Источник: dknews.kz