үй Әлем жаңалықтары Ресей нөмірін таққан көліктерді Польша да кіргізбеуге бекінді

Ресей нөмірін таққан көліктерді Польша да кіргізбеуге бекінді

5
0


                Ресей нөмірін таққан көліктерді Польша да кіргізбеуге бекінді

Фото: ғаламтордан

Польша Ресейде тіркелген автокөліктерді 17 қыркүйектен бастап өткізбейді, деп хабарлайды azattyq.org.

Алматы, NEGE. «Польшаға Ресейдің бірде-бір автокөлігі кірмейді. Коммерциялық көлік болса да, жеке мақсатта пайдаланылатын көлік болса да бәрібір», — деді Польшаның ішкі істер министрі Мариуш Каминьский.

Министрдің сөзінше, Ресей нөмірі тағылған автокөлікті қай елдің азаматы мініп жүрсе де талап өзгермейді.

Бұған дейін Финляндия, Латвия, Эстония мен Литва Ресей көліктеріне тыйым салған. Вильнюс Ресейдің Калининград облысына қатынайтын көліктерге ғана рұқсат берген.

Польша — Ресеймен шектесетін және оның автокөліктеріне тыйым салған Еуропа одағы елдерінің соңғысы болды.

Источник: nege.kz