үй Әлем жаңалықтары Ресейде Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ресейде Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

10
0


                Ресейде Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Фото: ғаламтордан

«Вагнер» жасағының негізін қалаушы Евгений Пригожин мен оның қол астындағыларына қарсы қылмыстық іс жабылды, деп хабарлады ФСБ.

Алматы, NEGE. Тергеу барысында бүлікшілердің тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттерін тоқтатқаны анықталды.

Сонымен қатар, ФСБ «тергеу үшін маңызды басқа да мән-жайларды» назарға алды.

«27 маусымда тергеу органы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарды», — делінген хабарламада. 

«Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс 23 маусым күні кешке РФ Қылмыстық кодексінің 279-бабы (бүлік) бойынша қозғалды. Ол жерде 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Источник: nege.kz