Фото: ғаламтордан
Қырым көпіріндегі шабуылдан кейін «Террорлық акт» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресейдің Ұлттық терроризмге қарсы комитеті хабарлады.
Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, іс Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабы («Террорлық акт») бойынша қозғалған.
«Қырым көпіріне шабуыл жасау туралы шешімді америкалық және британдық барлау қызметтерінің қатысуымен Украина шенеуніктері мен әскерилері қабылдайды», — деді Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова.
Источник: nege.kz