үй Әлем жаңалықтары Ресейде Өзбекстанның бұрынғы президенті Каримовтың ұлы сүйіктісін соққыға жықты

Ресейде Өзбекстанның бұрынғы президенті Каримовтың ұлы сүйіктісін соққыға жықты

14
0


                Ресейде Өзбекстанның бұрынғы президенті Каримовтың ұлы сүйіктісін соққыға жықты

Фото: ғаламтордан

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың ұлы Петр Каримовты Мәскеу облысының полициясы ұстады. 

Алматы, NEGE. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Петр Каримов Красногорскіде сүйіктісіне зорлық көрсеткені үшін ұсталған. Әйел адамның шыңғырған даусы естілгендіктен полицейлерді көршілері шақырған.

Полицейлер көршілерінің қоңырауы бойынша екі рет келген. Екінші рет келгенде ғана Каримов ұсталған. 

Каримовтың әрекетінен зардап шеккен, оның сүйіктісі екендігі айтылды. Ол ішінен жарақат алған, сонымен қатар ми шайқалу және қан кету диагноздары қойылған. Полицейлер пәтердегі жиһаздың сынғанын анықтады. 

Источник: nege.kz