үй Әлем жаңалықтары Румыния Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

Румыния Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

20
0

176 rob

Румыния Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Юлиан Фотамен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар 2023 жылға арналған іс-шаралар кестесін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат ҚР Үкіметінің Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес еуропалық бағыттағы экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Елші румын әріптесін «Әділетті Қазақстанды» құру үшін еліміздің басшылығы жүргізіп жатқан маңызды реформалар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастырудың, сондай-ақ энергетика және логистика мәселелері бойынша кеңейтілген келіссөздер жүргізудің өзектілігін атап өтті. Атап айтқанда, Румынияның және жалпы Еуроодақтың сауда серіктесі ретіндегі Қазақстанның маңызды рөлі атап өтілді.

Тараптар өткен жылы 2 млрд АҚШ доллардан асқан тауар айналымын қанағаттанушылықпен атап өтті, сондай-ақ тауар айналымының құрылымын одан әрі әртараптандыру бойынша жұмыстарды жандандыруға келісті.

Кездесу соңында сұхбаттастар ағымдағы жылға арналған экономикалық және мәдени шараларды өткізу жоспарлары туралы пікір алмасты.

Источник: dknews.kz