үй Әлем жаңалықтары Сұлтан Бейбарыстың Израильдегі мұрасы

Сұлтан Бейбарыстың Израильдегі мұрасы

0

100 Арман

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов «Мұсылмандық мысыр билеушісі: Қыпшақ текті Бейбарыс Сұлтан және Оның заманы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда презентация өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұйымдастырған іс-шараға Қазақстанның Египеттегі Елшісі Қайрат Лама Шариф, Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы, бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшелері, көрнекті шетелдік және отандық ғалымдар, ҚазҰУ мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және т. б. қатысты.

Сатыбалды Бұршақов өз баяндамасында конференцияға қатысушыларға бір кездері Израиль жерінде Бейбарыс Сұлтанның мәмлүк әскерлерімен жүріп өткен жерлері мен оның мұралары жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, мәмлүк дәуірінен қалған Иерусалим, Лод, Герцлия, Кейсария, Цфат, Назарет қалаларындағы ескерткіштер мен олардың әскерлері шайқасқан алаңдар көрсетілді.

Қазіргі Израиль аумағында мамлюктердің билік ету кезеңі 1260-1516 жж.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version