үй Әлем жаңалықтары Сайлаудың қорытындысы қандай болса да, біз қабылдауға дайынбыз – Ердоған

Сайлаудың қорытындысы қандай болса да, біз қабылдауға дайынбыз – Ердоған

18
0


                Сайлаудың қорытындысы қандай болса да, біз қабылдауға дайынбыз – Ердоған

Фото: ғаламтордан

​Ертең Түркия халқы көптен күткен тарихи күннің куәсі болмақ. Үгіт-насихат жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Кеше оппозиция атынан сайлауға түскен Кемал Кылычдароғлу Анкара тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарына нүкте қойды. Ал Ердоған тікелей эфирге қатысып, журналистердің сұрағына жауап берді. Жансу Жанан Өзге есімді журналистің «Егер сайлауда жеңіліп қалсаңыз, әсеріңіз қандай болады?» деген сұрағына Ердоған «Біз жәшіктен шыққан кез келген нәтижені қабылдаймыз» деп жауап берді.

«Мен өз ұлтыма сенемін. Шыққан қорытындыға құрметі жоқтың ұлтқа деген құрметі жоқ. Республика альянсы дауыс беру жәшігінен шыққан кез келген нәтижені қабылдайды. Қарсы тараптан да осындай әрекет күтеміз. Өкінішке орай, Кылычдароғлу сайлау жәшігінің қауіпсіздігі деп қоймайды. Сенімсіздік білдірсең жауапты адамдарыңды қой. Мен жексенбіде халқым тағы да Президенттік қызметті маған сеніп тапсырады деген ойдамын», — деді тікелей эфирде.

Источник: nege.kz