үй Әлем жаңалықтары Сатыбалды Бұршақов ЕҚЫҰ қысқа мерзімді бақылаушылар миссиясының басшысымен кездесті

Сатыбалды Бұршақов ЕҚЫҰ қысқа мерзімді бақылаушылар миссиясының басшысымен кездесті

0

312 rob

Қазақстанның Кипр Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Сатыбалды Бұршақов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі арнайы үйлестірушісі және қысқа мерзімді байқаушылар миссиясының басшысы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті, Кипр Өкілдер палатасының депутаты Ирини Харалампидимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысын талқылады. ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі миссиясының аралық есебі бойынша пікір алмасу болды.

С. Бұршақов И. Харалампидині Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы, сондай-ақ ағымдағы сайлауалды науқаны мен саяси партиялар жайлы хабардар етті. Қазақстандық дипломат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген еліміздегі сайлау заңнамасы мен оның жүйесіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты миссия басшысының назарын ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктеріне аударды.

Өз кезегінде И. Харалампиди сайлауды байқау процесінде қазақстандық тараппен сындарлы іс-қимыл жасауға деген көзқарасын қуаттап, қазіргі және басқа да осыған ұқсас миссиялардың негізгі мақсаты шақырушы елдердегі сайлау жүйесі мен тәжірибесін одан әрі жетілдіру жөніндегі күш-жігеріне жәрдемдесу екенін атап өтті.

Сондай-ақ байқаушылар миссиясының басшысы Қазақстандағы қоғамдық-саяси реформалардың дамуы мен демократиялық процестерге қолдау білдірді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version