үй Әлем жаңалықтары Сауд Арабиясының ірі банкінің басшысы Астана халықаралық форумына шақырылды

Сауд Арабиясының ірі банкінің басшысы Астана халықаралық форумына шақырылды

0

118 Арман

2023 жылғы 12 сәуірде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Saudi Awwal Bank (SAB) және Olayan Financing компанисының төрайымы Любна Олаянмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Б.Арын SAB Банкінің басшысына ҚР Премьер-Министрі А.Самиловтың атынан 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақыруды табыс етті.

Сонымен қатар, тараптар қаржы және инвестиция саласында екіжақты ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. Бұл тұрғыда ҚР Елшісі «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы хабардар етіп, SAB Bank пен Olayan Financing компаниясын АХҚО алаңын аймақтық бизнес және қаржы орталығы ретінде пайдалануға шақырды.

Л.Олаян Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына, экономиканың негізгі салаларына, ҚР халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азия аймағы мен жалпы әлемдік қауымдастықтағы рөлі мен орнына ерекше қызығушылық танытты.

Осы орайда қазақстандық дипломат еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық және сыртқы саясаттағы жетістіктерімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі бастамалары мен реформалары аясында елімізде орын алып жатқан оң өзгерістермен таныстырды. Атап айтқанда, Елші жақында өткен парламенттік сайлау және Қазақстанның жаңа Үкіметін құру үдерістері негізгі мемлекеттік институттарды қайта жаңартудың соңғы кезеңі болғанын және оның қорытындысы бойынша Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.

Любна Олаян саудтық көрнекті кәсіпкер және филантроп болып табылады. 2019 жылы ол Сауд Арабиясында Saudi British банкін басқарған, ал 2004 жылы Жиддадағы ірі экономикалық форумда сөз сөйлеген алғашқы алғашқы әйел болды. Любна Олаян Forbes журналына сәйкес Таяу Шығыстағы ең беделді әйелдер тізіміне енген.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version