үй Әлем жаңалықтары Сенатта Қазақстан мен Әзербайжанның өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заң талқыланды

Сенатта Қазақстан мен Әзербайжанның өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заң талқыланды

33
0

264 Awrora

Сенатта Қазақстан мен Әзербайжанның өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заң талқыланды

Фотосурет: Б.Серікбай

Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырысқа қатысушылар екі ел арасында карантинге жататын өнімді тасымалдау ауқымының көптігіне байланысты тараптардың аумағына карантинге қойылған нысандардың келу қаупі бар екенін, олардың таралуы екі ел аумақтарының фитосанитариялық жай-күйіне теріс әсер ететінін атап өтті.

Сенатта Қазақстан мен Әзербайжанның өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заң талқыланды

Осыған байланысты келісімді ратификациялау елдерге өсімдіктер карантині саласындағы жаңа нормативтік актілер мен карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбелері туралы ақпаратпен белсенді алмасуға мүмкіндік береді.

Құжат нормалары сонымен қатар өсімдіктер карантині жөніндегі ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты және Қазақстан мен Әзербайжан мамандарының карантинге жататын организмдерге диагностика жасау саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

Сенатта Қазақстан мен Әзербайжанның өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заң талқыланды

Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша сенаторлар заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Источник: dknews.kz