үй Әлем жаңалықтары Сербия Республикасы Халықтық скупщинасының Төрағасы Қазақстанда сәтті өткен парламенттік сайлауларға өз бағасын...

Сербия Республикасы Халықтық скупщинасының Төрағасы Қазақстанда сәтті өткен парламенттік сайлауларға өз бағасын берді

12
0

513 Арман

Сербия Республикасы Халықтық скупщинасының Төрағасы Қазақстанда сәтті өткен парламенттік сайлауларға өз бағасын берді

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Сербия Республикасы Халықтық скупщинасының Төрағасы Владимир Орличпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сербия Республикасы Халықтық скупщинасының Төрағасы Қазақстанда сәтті өткен парламенттік сайлауларға өз бағасын берді

Келіссөздер барысында сұхбаттасушылар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық және сенімділік негізінде қалыптасқан қатынастарды, сондай-ақ тараптардың екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықты өзара күшейтуге талпыныстарын атап өтті.

Сербия Республикасы Халықтық скупщинасының Төрағасы Қазақстанда сәтті өткен парламенттік сайлауларға өз бағасын берді

Мәди Атамқұлов серб парламентінің спикерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жайлы хабардар етті. Осы ретте, еліміздегі конституциялық реформалар аясында өткен сайлауларға ерекше көңіл бөлінді.

Өз кезегінде, Владимир Орлич Қазақстандағы саяси үдерістердің қарқынына жоғары баға беріп, сәтті өткізілген парламенттік сайлаулармен құттықтады.

Сербия Республикасы Халықтық скупщинасының Төрағасы Қазақстанда сәтті өткен парламенттік сайлауларға өз бағасын берді

Бұл мәнмәтінде, парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру үшін екі мемлекеттің парламенттеріндегі достық тобы депутаттарының өзара сапарларын ұйымдастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы және азық-түлік шығару, IT және баламалы энергетика, әскери-техникалық және т.б. басымдыққа ие салалар бойынша экономикалық ынтымақтастық тақырыбына ерекше мән берілді,

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар байланыстарды жоспарлы түрде дамытуға, бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға әзірліктерін білдірді.

Источник: dknews.kz