үй Әлем жаңалықтары Шахматты әлемдегі ең жақсы гроссмейстерлермен оқыту: Chess Legends

Шахматты әлемдегі ең жақсы гроссмейстерлермен оқыту: Chess Legends

9
0

514 Арман

Шахматты әлемдегі ең жақсы гроссмейстерлермен оқыту: Chess Legends

Фотосурет: Shutterstock / Daniel VG

Шахматтан әлем чемпиондары Владимир Крамник пен Ифань Хоудың мобильді қосымшасы Астанада өткен әлем чемпионатындағы матчта таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Chess Legends жаңа мобильдік қосымшасы 2023 жылы Астанада өткен шахматтан әлем чемпионатындағы матч барысында таныстырылды. Мобильдік қосымшаны әзірлеушілердің миссиясы — сабақтарды жекелендіру және ойын деңгейін анықтау үшін озық жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген балаларға шахматты ең жақсы әдістермен үйренуге мүмкіндік беру.

Chess Legends қосымшасында мықты шахмат жаттықтырушылары мен гроссмейстерлердің, соның ішінде он төртінші әлем чемпионы Владимир Крамник пен төрт дүркін әлем чемпионы, әлемдік әйелдер рейтингінің көшбасшысы Ифань Хоудың бейне сабақтары бар, олар ойыншыларға өз дағдыларын жетілдіруге және гроссмейстер атағына жету жолын бастауға көмектеседі. Үндістан, Испания және Қазақстан құрамаларының бас тренері, ФИДЕ аға жаттықтырушысы Евгений Владимировтың басшылығымен әзірленген оқыту әдістемесі сабақтардың барынша тиімді және ойыншылардың барлық деңгейлері үшін қолайлы болуын қамтамасыз етеді.

Chess Legends қосымшасы FIDE «Chess in Education» комиссиясының шешімімен мақұлданған болатын, бұл оның шахматты оқытудағы және әлемдегі осы қызықты, әрі интеллектуалды спортты дамытудағы маңыздылығын көрсетеді.

Chess Legends — миллиондаған балаларға технологияларды пайдалану, сапалы мазмұн, геймификация, ыңғайлы интерфейс және шахмат әлеміне ену арқылы өз дағдыларын жетілдіруге, әрі жаңа нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін бірегей edutainment құралы.

Гроссмейстер жолын бастау үшін дәл бүгін App Store немесе Google Play арқылы Chess Legends қосымшасын жүктеп алыңыз.

Источник: dknews.kz