үй Әлем жаңалықтары Шетелдік туристер көп уақытын Маңғыстау облысында өткізеді

Шетелдік туристер көп уақытын Маңғыстау облысында өткізеді

9
0

697 Awrora

Шетелдік туристер көп уақытын Маңғыстау облысында өткізеді

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист келген. Орташа алғанда, шетелден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында бір аптадан 12 күнге дейін болған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ, еліміздегі демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары кірді.

2022 жылы Алматыға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Орташа алғанда, олар оңтүстік астанада 3-5 күн өткізген.

Былтыр Астанаға 238 мыңнан астам шетелдік турист келді. Елордада олар орта есеппен 2-3 күн болды.

Ал шетелден келген туристердің Қазақстанда саяхаттау мерзімінің орташа ұзақтығы 4 күнді құрайды.

«Сапардың ұзақтығы өңірдің туристік тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор және біз оны толығымен іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мамандарды даярлау және оқыту, туристік инфрақұрылым салу, жаңа тікелей авиарейстер ашу  бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шетелдіктер арасында сұраныс үлкен. Сол себепті елімізге келетін шетелдік туристердің санын арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз» ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев

Источник: dknews.kz