үй Әлем жаңалықтары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастығын арттырады

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастығын арттырады

8
0

485 Awrora

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастығын арттырады

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне (Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының IV кеңесіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастығын арттырады

Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанға Үндістаннан ШЫҰ-ға төрағалық беріледі. Төрағалық етудің күн тәртібі экологиялық және энергетикалық күн тәртібінің міндеттерін шешу үшін мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігеріне бағытталатын болады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастығын арттырады

«22 жыл ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ықпалды халықаралық институтқа айналды. Қазақстан ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға маңызды мән береді. Өзара ынтымақтастық пен сенім, прагматизм және мүдделер теңгерімін сақтау қағидаттарына негізделген. Бұл қағидаттар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және экологиялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін шешу үшін берік іргетасын құрады» Зүлфия Сүлейменова 

Қатысушы елдердің өкілдері өз сөздерінде әлем табиғаты  бұрын-соңды болмаған жабайы қауіп-қатерлерге тап болғанын және осы қауіптерді жою үшін ұлттық жағдайларды, саясатты және басымдықтарды ескере отырып, жаһандық ұжымдық шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ табиғатқа қарсы қылмыстардың, соның ішінде орман өрттерінің, қорғалатын жабайы фауна мен флора түрлерінің заңсыз саудасын алдын алу үшін бірлескен күш-жігер жұмсалмақ.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастығын арттырады

Сонымен қатар, жаһандық деңгейде климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Министр сөз соңында: «Бүгінгі кездесу ШЫҰ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін жетілдіру және мемлекет басшыларының алға қойған міндеттерін іске асыру үшін жақсы серпін болатынына сенімдімін», — деп атап өтті.

Ол барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Источник: dknews.kz